Білім саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Дайындық бағыты
6В072 Өндірістік және өңдеу салалары
Білім беру бағдарламаларының тобы
В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі
БББ мақсаты:
Қазіргі заманғы экономика мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін кәсіби және әлеуметтік құзыреттіліктері бар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін жоғары білікті кадрлар даярлау
ОН1 Жеке және кәсіби қызметінде заманауи техниканы, ақпараттық технологияларды және жасанды интеллектті пайдаланады
ОН2 Кәсіби және жеке қызметте экономика, құқық және қаржылық сауаттылық негіздері туралы білімді пайдаланады
ОН3Тамақ өнімдерін өндіру саласындағы инженерлік-техникалық міндеттерді математика, физика және механика заңдары бойынша білімдерін негізге ала отырып шешеді
ОН4 Тамақ өнімдерін өндіру саласындағы кәсіби міндеттерді химия және микробиология заңдары бойынша білімдерін негізге ала отырып шешеді
ОН5 Тамақ өнімдері өндірісінің теориялық негіздерін, ғылыми этика мен академиялық адалдық принциптерін түсіндіреді
ОН6 Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндіру тиімділігін экономика және тұрақты даму білімдеріне негізделе отырып қамтамасыз етеді
ОН7 Жоғары сапалы өнім шығару бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастырады
ОН8 Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында әртүрлі технологиялық жабдықтарды тиімді пайдаланады
ОН9 Заңнама талаптары негізінде тіршілік қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етеді
ОН10 Физиология және заманауи тамақтану концепцияларының негізінде арнайы рациондарды құрастырады
ОН11 Автоматтандырылған жобалау жүйесін пайдаланып қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалайды
ОН12 Нормативтік құжаттарға сәйкес тамақ өнімдері мен қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастырады
ОН13 Тамақтану индустриясында өнім өндірісі мен қызмет көрсетуді басқарады
Тамақтану индустриясы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, бейінді білім беру ұйымдары, жобалау ұйымдары
Ұйымдық-басқарушылық:
- қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін ұйымдастыру және жетілдіру;
-кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін және маркетингтік қызметті талдау.
- басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысу;
Өндірістік-технологиялық:
- өндірілетін тамақ өнімдері мен қызметтердің сапасын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылау;
- экология, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық жарақтандырылуы мен өндірістік қызметін талдау;
Жобалық:
- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалауға және реконструкциялауға қатысу;
Ғылыми-зерттеу:
-ғылыми-техникалық ақпаратты, тамақ өнімдерін өндіру және тамақтану индустриясы саласындағы ғылымның отандық және әлемдік жетістіктерін зерделеу және талдау
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, жобалау ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары, бейінді білім беру ұйымдары
Оқыту бағытына лицензия нөмірі
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №4 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы